24 ақпандағы доллар бағамы белгіленді. KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 502,89 теңге болып, 0,33 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 ақпандағы ресми бағамы - бір доллар үшін 502,47 теңге.
Қаншадан сатылып, сатып алынып жатыр?
kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 503,16 теңгеге, сату бағамы 505,76 теңгеге тең.
Астанада америкалық валютаны орта есеппен 501,47 теңгеден сатып алып, 507,47 теңгеден сатып жатыр.
Оқи отырыңыз: