Теңге бір ай ішінде 3,1%-ға нығайды – Ұлттық Банк

30 Маусым 2020, 20:48
1559
Бөлісу:
Теңге бір ай ішінде 3,1%-ға нығайды – Ұлттық Банк

Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылғы мамырда теңгенің биржалық айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 411,55 – 425,41 теңге ауқымында өзгерді. 2020 жылғы мамырдың соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 3,1%-ға нығайып, бір АҚШ доллары үшін 411,55 теңгені құрады. 

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі хабарлады.

Теңге – АҚШ доллары валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 8,9 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 1,6 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі – 7,3 млрд АҚШ доллары болды. 

Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 72,4%-ды құрады (2020 жылғы сәуірде-87,1%). Бұл олардың валюталық тәуекелдерден меншікті капиталды хеджирлеуіне байланысты болды. Бұл операциялар банк тобының ішінде жүргізіледі және ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс арақатынасына әсер етпейді, - делінген хабарламада. 

2020 жылғы мамырда халық нетто-негізде 48,1 млрд теңгеге тең сомаға қолма-қол шетел валютасын сатып алған (2020 жылғы сәуірде – 51 млрд теңге). Шығындардың негізгі көлемі АҚШ долларын – 73,4% немесе 35,3 млрд теңге, Ресей рублі – 22,3% немесе 10,7 млрд теңге, еуро – 4,3% немесе 2,1 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Өткен аймен салыстырғанда, аталған шығыстар 5,7%-ға төмендеді. Валюта түрлері бойынша бөлуде АҚШ доллары мен Ресей рублін сатып алу шығындары тиісінше 1,6%-ға және 18,3%-ға қысқарды, еуро сатып алу шығындары 2,4%-ға артты.

Өзгелердің жаңалығы