Теміржолдан нәсібін тапқан әулет

7 Тамыз 2022, 16:57
3010
Бөлісу:
Теміржолдан нәсібін тапқан әулет

Бүгін, тамыз айының бірінші жексенбісі – елімізде Теміржолшылар күні мерекесі. Әлемдегі ірі көлік желілерінің бірі саналатын теміржол торабына әулетімен еңбек сіңірген жандар аз емес. Солардың бірі – Беркеновтер әулеті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Беркенов Сансызбай Елемесұлы теміржол жүйесінде 41 жыл бойы адал еңбек еткен азамат. 

Ақмола облысындағы Жалтыр стансасында дүниеге келген теміржолшы бала күнінен шойынжолдың торабында еңбек етіп, форма киген ағаларға қызығып өскенін жасырмайды. 

Теміржолдан нәсібін тапқан әулет

Ағаларымыз теміржол саласының қыр-сырын, қаншалықты қызықты және жауапты жұмыс екенін айтып отыратын. Сыныптастарыммен ПЧ-7, ПМС аумағыга баратынбыз, техниканы көріп, қызыға қарап еліктейтінмін, - деп ағынан жарылды «Құрметті теміржолшы». 

Сансызбай Елемесұлы Целиноград көлік  құрылысы техникумының теміржол құрылысы бөлімін тәмамдайды. Еңбек жолын 1981 жылы  СМП-24 өндіріс саласында жол монтері ретінде бастайды. 1983-85 жылдары Кеңес әскерінің қатарында әскери борышын абыроймен өтеген соң Алматы теміржол институтынан инженер-жол құрылысшы мамандығы бойынша диплом алады. Одан соң Жалтыр стансасында жол шебері, ПМС-246 базасының басшысы болып, кейін бас инженер дәрежесіне дейін көтеріледі. 

1996 жылы ПЧ-19 мекемесіне бас инженер болып ауысады.

2000 жылы Ерейментау ПМС мекемесіне директор ретінде тағайындалады. Атбасар жол дистанциясын да директордың орынбасары болып еңбек етеді.

2007 жылдан бері күні бүгінге дейін Астана дистанциясын да бас инженер, бастықтың орынбасары болып қызмет атқарып жүр. 

Бір қызығы, Беркеновтер әулеті – бүкіл ғұмырларын теміржол саласына арнаған кәнігі мамандардың әулеті деп ауыз толтырып айтуға болады. Әулеттің теміржолда жұмыс істеген бүкіл еңбек өтілін қосқанда 300 жылдан асып жығылады!

Біздің әулеттің теміржол саласындағы тарихы үлкен аталарымнан бастау алады. Атам Айтқазы паровоз депосында, екінші атам жол қараушы ретінде теміржолға еңбек сіңірді. Үлкен ағам Беркенов Ғабдолла Айтқазыұлы 40 жылдан артық уақыт осы салады жұмыс істеді. Целинный темір жолында қызмет етіп, үлкен жауаптылық артылып, сонау Моңғолия темір ол саласында кызмет атқарып абыроймен елге келді. Біздің әулеттен 14 теміржолшы қазіргі уақытта теміржолда еңбек етеді. Барлық бауырларымның еңбек өтілін қосқанда 300 жылдан асады, - дейді Сансызбай Беркенов. 

Бақытын адал еңбегінен тапқан әулет көпке үлгі. 

Теміржол мамандығының ерекшілігі – тынымсыз 24 сағат бойы жұмысты  тоқтатпау, жауапкершілікпен қарап,  тиянақты болуды талап етеді.  Теміржол мамандығын таңдаған адамның бойында жауапкершілік, тәртіп, еңбекқорлық, адалдық сынды қасиеттер болуы тиіс. Жұмыс барысында жолаушыларға қауіпсіз жағдай жасап, заманауи технологияларды меңгеріп, үнемі біліктіліктілігін жетілдіріп отыру, жас мамандарға ұстаз ретінде тәлім-тәрбие беру, өз кәсібін құлай сүю – парыз, - дейді ардагер теміржолшы. 

Өзгелердің жаңалығы