385 теміржол қызметкері жауапкершілікке тартылған

3 Желтоқсан 2019, 18:05
4066
Бөлісу:
385 теміржол қызметкері жауапкершілікке тартылған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл қызметін өз мүддесіне пайдаланған 385 теміржол персоналы жауапкершілікке тартылған. 

Жыл басынан бері билеттерді алып сату бойынша қанша оқиға тіркелгені жөнінде тиісті компанияның өкілі жауап берді.

Бізде 6 мыңнан астам жолсеріктер мен 1 мыңға жуық касса қызметкері жұмыс істейді. Биылдыққа жыл басынан бері 385 адам қызметтік жауапкершілікке тартылды. Олардың 170-імен еңбек шарты бұзылды. Яғни, олар өз қызметтік ережені сақтамады және қызметтерін асыра пайдаланды. Атап айтқанда, жолаушыны билетсіз пойызға мінгізу, жүк тасымалын рәсімдемеу, билет сату және тағы басқа, - деді "Жолаушылар тасымалы" компаниясының өкілі Асылхан Қалдыкөзов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде.
Айта кетейік, биылдан бастап теміржол билетін "Электрондық күту парағы" арқылы сатып алуға болатыны белгілі болды. Сондай-ақ, биыл еліміз бойынша 15 миллионнан астам билет сатылған, бұл сатылған билеттердің жалпы көлемінің 80%-нан астамы электрондық түрде ресімделген көрінеді.  

Ал "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы бас директордың корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдыкозов тілшілердің "нәзік жандыларға арналған жеке купелер пайда бола ма?" деген сауалына жауап берген болатын.
Өзгелердің жаңалығы