Теміржол қатынастарындағы карантиндік шаралар жеңілдетілді

9 Маусым 2020, 12:30
1424
Бөлісу:
Теміржол қатынастарындағы карантиндік шаралар жеңілдетілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов Қазақстандағы ішкі тұрақты темір жол қатынастарындағы шектеу шараларын жеңілдетуге байланысты түсініктеме берді.

Бұған дейін жолаушылар темір жол қатынастарын жаңғыртуға байланысты коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылық болмаған жағдайда, талаптар жеңілдету жағына қарай кезең-кезеңімен қайта қаралатыны бірнеше рет атап өтілді.
Ішкі тұрақты темір жол қатынастары жаңғыртылған күннен бастап 100 мыңнан астам жолаушыға сауалнама жүргізілді. Жолаушылар арасында коронавирустық инфекция тіркелген жоқ. Осыған байланысты, осы жылдың 10 маусымынан бастап теміржол вокзалдарының ғимаратына шығарып салушыларды жібермеу талабы алынып тасталды, - делінген ақпаратта.
Бұл ретте санитарлық-карантиндік талаптарды әлеуметтік қашықтық, маскалық режим, вагондар арасындағы жолаушылар қозғалысын шектеу және олардың жиналуы, күшейтілген дезинфекция шараларын сияқты қатаң сақтау қажет.
Бұрынғыдай теміржол вокзалдарының ғимаратына азаматтардың кіруі байланыссыз термометриядан кейін ғана болады. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап санитарлық-дезинфекциялық режимді және басқа да шектеу шараларын қатаң сақтаған жағдайда жолаушыларға алдын ала тапсырыс бойынша жеткізу тәсілімен жолаушылар поездарындағы (электр поездарындағы) вагон-мейрамханалар мен вагон-барлардың жұмысы жаңғыртылады, - делінген хабарламада.

Темір жол көлігінде жолаушылар санитарлық-карантиндік шараларды сақтамаған жағдайда олар қайта қатаңдатылатын болады.




Өзгелердің жаңалығы