Теміртаудың жас экологтары экологиялық челлендж бастады

9 Қазан 2020, 03:44
2278
Бөлісу:
Теміртаудың жас экологтары экологиялық челлендж бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда №16 жалпы орта білім беретін мектептің жас экологтары мұғалімдерінің жетекшілігімен экологиялық челлендж бастады. Шараға кез-келген адам қатыса алады.

Ол үшін ағаш отырғызып, оны суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде #ДышиТемиртау хештегімен орналастыру қажет. Болашақта экологтар ағашты картаға түсіреді, оған күтім жасайды және өсуін бақылайды. Өткен жылы #ДышиТемиртау челленджі сәтті өтті. Балалар қаланы тазарту және жасылдандыру үшін оны қайта өткізу туралы шешім қабылдады. Оқушылар қоршаған ортаға бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды акцияны қолдауға шақырады. 

Бүгінгі таңда спортпен шұғылдану сәнге айналған, ал ағаш отырғызуды неге сәнге айналдырмасқа, оларды күтіп, қамқорлық жасау, экологиялық өмір салты керемет екенін стильді ету - өте тамаша ой. Біз өз ауласын, үйін жасыл етіп, ағаш отырғызуға ниеті бар барша халықты шақырамыз, - дейді акцияның бастамашысы Елена Варганова.

Өзгелердің жаңалығы