Теміртаудың 75 жылдық тойына жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені тарту етілді

3 Қазан 2020, 01:22
1834
Бөлісу:
Теміртаудың 75 жылдық тойына жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені тарту етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда қаланың 75 жылдығына орай жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Әртүрлі спорт түрлеріне арналған залдары бар қазіргі заманғы ғимарат Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша салынған.

Нысанның құрылысы 2019 жылы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қаражатымен басталды. Кең залдарда бір уақытта 320 адам айналыса алады. Мұнда күрес, футбол, баскетбол, бокс рингі және көрермендерге арналған стендтер бар.

Жаңа ДСК-ға облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Бас директоры Биджу Наир және дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев келді.

Бұл – бұқаралық спорттың дамуына серпін беретін заманауи нысан. Спортпен шұғылданатын жастар өз қажеттіліктері мен амбицияларын қанағаттандыра алады. Болашақта бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің осындай мысалдары көбірек болуы тиіс, - деді аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек.

Ол келесі жылы Теміртаудағы «Металлург» стадионына күрделі жөндеу жүргізілетінін айтты. Бұл үшін облыс бюджетіне қажетті қаражат жоспарланды.

Қала мерейтойына арналған тағы бір сыйлық қалалық мәдениет және демалыс саябағы аумағында ашық теннис корты болды. Оны «Имсталькон» компаниясы ұсынды.

Теміртаудың іскер әйелдер кеңесі де қалаға алма бағын сыйлады. Шаһардың мерейтойына орайластырылып 30-дан астам ағаш көшеті отырғызылды.

Менің ойымша, ағаш отырғызу және туған қаланы өзінің туған күнінде безендіру дәстүрі бізде тамыр алады. Бұл бақ теміртаулықтардың серуендейтін сүйікті орындарының біріне айналады деп үміттенемін, - дейді Теміртау іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Марина Шиллер.


Өзгелердің жаңалығы