Теміртауда ұландықтар трамвайдағы өртті өшіруге көмектесті

1 Маусым 2021, 12:50
4436
Бөлісу:
Теміртауда ұландықтар трамвайдағы өртті өшіруге көмектесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда ұландықтар трамвайдағы өртті өшіруге көмектесті. Бұл туралы Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық ұланның 5516 әскери бөлімінің жауынгерлері көшені патрульдеу кезінде жолда түіндеп тұрған трамвайды байқап, дереу көмекке асығады. Әскери жасақтар бойынша кезекші аға лейтенант Мейрамбек Оразғалиев автопатрульмен Республика даңғылында келе жатып, түтіндеген трамвайды байқайды, - делінген хабарламада.

Офицер тез арада автопатрульді тоқтадады да, патрульшілер қатардағы Әлішер Айдынұлы және Иманжүсіпом Шаймұратұлымен бірге трамвайға барып, лезде екі адамды сыртқа шығарып, трамвайдағы өртті сөндіруге көмектеседі. 

Трамвай жүргізушісімен бірге ұландықтар аз уақыттың ішінде тілсіз жауды бірлесе сөндірген.

Өзгелердің жаңалығы