Теміртауда тегін спорт жаттығулары өтеді

2 Маусым 2022, 16:04
1097
Бөлісу:
Теміртауда тегін спорт жаттығулары өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда Аulafit ұлтты сауықтыру бойынша әлеуметтік жоба басталды.

Оның басты идеясы – кәсіби жаттықтырушылардың басшылығымен өз ауласындағы көп қабатты үйлердің тұрғындарына спортпен шұғылдануға мүмкіндік беру.

Aulafit бастамашысы бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев. Теміртауда оның жобасын қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қолдады.

Аула фитнесі балаларға да, ересектерге де арналған. Сабақтар тегін. Жаттығулар қаланың алты спорт алаңында өтеді

Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін "Космос" аула клубында (8-ші шағын аудан, 114), 6а кварталының спорт алаңында және қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткізіледі.  

Сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін ескі қала саябағында, Металлургтер даңғылы, 34/1 және № 19 мектепте орналасқан спорт алаңдарында.

Aulafit жобасы аясында теміртаулықтар жаз бойы спортпен шұғылдана алады.

Өзгелердің жаңалығы