Теміртауда Тәуелсіздік күніне арналған автошеру өтті

15 Желтоқсан 2021, 21:40
1182
Бөлісу:
Теміртауда Тәуелсіздік күніне арналған автошеру өтті

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Теміртауда патриоттық автошеру өтті. Шараны қаланың жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Теміртауда Тәуелсіздік күніне арналған автошеру өтті

Іс-шараға 15 автокөлік қатысты. Мерекелік автошерудің басты атрибуты Қазақстан туы болды. Көліктер тізбегі Ескі қаладан бастау алды. Металлургтер даңғылымен жүріп өткен жүргізушілер автошеруді «Восток» саябағында аяқтады.

Біздің акциямызды теміртаулықтар белсенді түрде қолдап, әлеуметтік желідегі үндеуге жауап беріп, қатарымызға қосылды, – деді Жастар орталығының директоры Айдын Жұмагелдинов. 

Теміртаулық автоәуесқойларға қарағандылықтар да қосылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында кеншілер шаһарында «Менің туым – Менің Қазақстаным!» автошеруі өтті. 15 көліктен құралған автокеруен қаланың басты көшелерінің бойымен қазақстандық жалауларды желбіреп жүріп өтті. Облыс тұрғындарын Jas Otan Жастар қанатының Қарағанды облыстық филиалы мен «Регион» такси ұжымы құттықтады.

Теміртауда Тәуелсіздік күніне арналған автошеру өтті
Өзгелердің жаңалығы