Теміртау қаласында ер адам абайсызда тереңдігі шамамен 2 метр болатын ашық құдыққа құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқиға Қарағанды облысы аумағындағы Колхозная көшесінде болған. 1982 жылы туған азаматқа көмек көрсету үшін оқиға орнына жедел-құтқару жасағы, полиция қызметкерлері және жедел жәрдем бригадасы жедел жетті.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекетінің арқасында ер адам арнайы медициналық қалқанның көмегімен құдықтан шығарылды.
Абырой болғанда, зардап шеккен азаматқа медициналық көмек қажет болмады.