Теміртауда екі жас қыз адам тонаумен және пәтер тонаумен айналысқан

16 Наурыз 2021, 07:10
2247
Бөлісу:
 Теміртауда екі жас қыз адам тонаумен және пәтер тонаумен айналысқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Polisia.kz мәліметі бойынша, 5 наурыз күні Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 68 жастағы азаматша шағымданған.

Жәбірленушінің шағымы бойынша, оған белгісіз бір қыз кенеттен шабуыл жасап, қолындағы сөмкесін ашық түрде тартып әкеткен. Оның сөмкесінде 47 мың теңге ақша және екі ұялы телефоны болған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 300 мың теңгені құраған.

Полиция қызметкерлеріне жәбірленуші өзіне шабуыл жасаған күдіктінің шамамен 20-25 жас аралығындағы қыз екенін айтқан.

6 наурыз күні осыған ұқсас тонау қаланың басқа азаматшасына қатысты жасалған. Жәбірленуші өзіне шабуыл жасағандардың жас қыздар екенін атап өтті.

13 наурыз күні полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 23 және 32 жастағы екі азаматша анықталып, ұсталды. Олар қылмыстарын мойындады.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері олардың пәтер ұрлықтарына да қатысы бар екендіктерін анықтады.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталғандар қамауға алынды.



Өзгелердің жаңалығы