Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір топ қазақстандық ғалымдар темекіні қыздыру жүйелерін пайдалану темекіге қарағанда әлдеқайда денсаулыққа зиянсыз екендігін айтады. Темекіні қыздыру жүйелерін өндірушілерге сену қажет пе? Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры, профессор, медицина ғылымдарының докторы Уәлихан Исаұлы Ахметовке бұл сұрақтардың жауабын берді.
- Уәлихан Исаұлы, сіз қазақстандықтардың денсаулығын сақтаумен айналысатын бейінді ұйымның басшысы ретінде осы жаңалықты қалай қабылдадыңыз?
- Шылым шегу – бұл жүрек-қантамырлары, онкологиялық аурулар, тыныс алу жүйесінің аурулары сияқты жұқпалы емес аурулардың даму қаупін тудыратын басты факторлардың бірі. Қоғамдық денсаулық сақтау және қоғамдық денсаулықты сақтап нығайтуға, аурулардың алдын алуға, оларды ерте анықтауға бағытталған зерттеулер саласында өз қызметін жүзеге асыратын ұйым ретінде біз ең алдымен халықтың денсаулығына ықпалын тигізуі мүмкін жаңа зерттеулер мен өндірістерді жүйелі түрде зерделейміз. Сондықтан, автор көрсеткендей, бір ірі темекі компаниясының өнімдеріне біздің ғалымдар жүргізген бұл жұмыстың нәтижесі бізді алаңдатып отыр. Кез-келген ғылыми зерттеу жүргізген кезде ғылыми этика нормалары сақталуы қажет деп санаймыз және әр ғалым өз жұмысы үшін қоғам алдында жауапкершілік артады.
- Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастықтағы мұндай зерттеулер нені білдіреді?
- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) көпжылдық зерттеулері, сондай-ақ дәлелді негізде расталған BMJ, The Lancet сияқты беделді баспалардың зерттеулері темекіні тұтынудың барлық түрі адам денсаулығына зиян тигізетінін дәлелдеген.
- Сонда ТҚЖ-ның адам денсаулығына тигізетін зияны қарапайым темекінікіндей болғаны ма?
- Бұған қатысты ДДҰ-ның нақты ұстанымы бар, ол Заңнамамен және ДДҰ-ның Темекімен күресу жөніндегі негіздемелік конвенцияның тараптары конференциясының сегізінші сессиясының шешімімен Қазақстанда 2006 жылы бекітілген ДДҰ-ның Темекімен күресу жөніндегі негіздемелік конвенциясына (ДДҰ ТКНК) сәйкес барлық басқа темекі өнімдеріне қолданылатын саясат пен реттеу шараларын ТҚЖ-ға қолдануды ұсынады, жаңа темекі өнімдері (оның ішінде қыздыратын темекі) 2018 жылы темекі бұйымдары деп танылған, сәйкесінше ДДҰ ТКНК ықпалына кіруі тиіс.
- ТҚЖ-ның тигізетін зияны темекіге қарағанда аз екендігін растайтын кейбір зерттеу түрлері бар. Осы жөнінде не айтасыз?
- Мысалы, е-темекілеріне ДДҰ-ның 195 мүше мемлекеттерінің ішінен 30-нда тыйым салынған (шамамен 15%), ал 65 мемлекетте қандай да бір реттеу шаралары енгізілді. 20 елде е-темекілері құрамындағы никотинге байланысты терапиялық немесе тұтынбалы тауар ретінде реттелінген. 18 елде олар темекі бұйымдары ретінде реттелінді, ал 31 елде – тұтынбалы тауар ретінде қолданылады.
Біздің орталық осы мәселе бойынша көптеген мәліметтерді зерделеді, және бірқатар ғылыми мақалалар, оның ішінде ДДҰ көздері формальдегид, ацетальдегид және тағы басқаларды қоса алғанда, ТЖЖ стиктері деп аталатын толтырғыштардың уытты құрамын анықтаған.
- Қазақстанда ТҚЖ реттеу бойынша қандай шаралар қолданылады?
- Бүгінгі күнде Денсаулық сақтау министрлігі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің жаңа редакциясына өмір сапасын жақсартуға, әлемдік қауымдастықта және дәлелді негізде расталған денсаулыққа ықпал ететін қауіп факторларының деңгейін төмендетуге бағытталған шараларды қосуды жоспарлап отыр. Мысалы, білім беретін мекемелердің айналасында 100-метрлік темекі бұйымдарын сатуды шектеу, дүкендерде темекі бұйымдарын қоюға тыйым салу сияқты ТҚЖ-ды тұтынуға осындай талаптарды сақтау қажет.
- Ғалымдардың зерттеуге қаржыны темекі компаниясы бөлгенін жасырмауын ескере отырып, осылардан қандай тұжырым шығаруға болады?
- Бұл зерттеудің әдістемесімен танысу үшін уақыт қажет, дизайнын, яғни стандартты ма, ол үшін не қолданылды және осы сияқты сұрақтардың басын ашып алу керек. Оған қоса, ТҚЖ «жастардың құралы» болып саналады және жалпы әлемде осы мәселе бойынша зерттеулер көп жүргізілген жоқ. ДДҰ Темекімен күресу жөніндегі негіздемелік конфенциясының 5.3. бабы тараптарды ұлттық заңнамаларға сәйкес қоғамдық денсаулық сақтау саясатын темекі өндірісінің коммерциялық және басқа да корпоративті қызығушылықтарынан қорғауға бағытталған іс-әрекеттерге міндеттейді. Ол бойынша үкімет темекі өнеркәсібімен бірге қарым-қатынас жасауды шектеп, онымен қандай да бір серіктес болудан бас тартуы керек. Сонымен қатар, бұл ғылыми этика талаптарына қатысты үлкен мәселе болып табылады: ДДҰ ТКНК осы бабының 1 қағидатында темекі өндірісі мүдделері мен қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы саясат мүдделері арасында бұрыннан келе жатқан және ымырасыз келіспеушіліктер бар деп айтылған.
Өкінішке қарай, темекі өнеркәсібінің маркетингтік қызметіне және құжаттарға жүргізілген талдаулардың нәтижесінде және әлемде ғылыми зерттеулер жүргізудің арқасында көптеген жылдар бойы темекі бұйымдарының маркетингі жеткілікті көлемде мықты әрі түрлі екендігін растайтын дәлелдемелер көп. Көптеген жылдар бойы темекі индустриясы барлық салаларға терең еніп кеткен: спорт, киноиндустрия, музыка саласы және т.б. Қазіргі уақытта Интернет және әлеуметтік желілер арқылы темекі бұйымдары сатылымының артуына деген қауіп артуда, яғни мұның барлығы тікелей балалар мен жастарға бағытталған. Сол үшін, балаларымызды темекіден сақтау үшін жарнама бойынша темекі бұйымдарымен байланысты барлық қызмет түрін шектеу керек, жастарда сәнді және гламурлық бейнені қалыптастыруға әкелетін демеушіліктер мен сатылымдарға тыйым салып, темекісіз өмір салтын әлеуметтік нормаға айналдыру үшін тиісті шараларды қабылдау қажет.
- Иә, тұрғындар барлық жаңалықтар туралы бәрін біле бермейді. Шылым шегуге арналған мұндай девайстар зиянды емес деп санайды.
- Темекі өнеркәсібі шылым шегудің зияндылығы туралы халыққа ақпарат беруді қолдамайды, керісінше шылым шегудің зияндылығы туралы дәлелдемелерді жоққа шығару үшін күштерін салады, осылайша шылымқорлардың назарына темекі шегу және оның салдары туралы нақты ақпаратты жеткізуге бағытталған денсаулық сақтау органдарының, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметіне күмән туғызады. Ол үшін қоғамдық денсаулық сақтау және БАҚ қызметі күштерін біріктіріп, халыққа дұрыс ақпаратты жеткізу үшін жұмыс жасауы қажет.
- Сұқбатыңыз үшін рақмет!
Әйгерім ҚОЖА