"Темекі шеккенін қоя алмаған сияқты". Маман уақыт белдеуіне қарсы шығып жүргендердің кім екенін айтты

8 Қараша 2024, 14:51
3343
Бөлісу:
"Темекі шеккенін қоя алмаған сияқты". Маман уақыт белдеуіне қарсы шығып жүргендердің кім екенін айтты
Фото: Болат Нұрқожаевтың Facebook-тегі парақшасынан

Биыл 1 наурызда бүкіл қазақстандықтар біртұтас уақыт белдеуіне көшті. Алайда 6 айға жуық уақыт өтсе де, табиғи уақытқа қарсы шығушылардың қарасы көп. Осы тақырып аясында BAQ.KZ тілшісі Қолданбалы хронобиология маманы Болат Нұрқожаевты әңгімеге тартты.

Болат Нұрқожаев бұрынғы уақыт адамның биологиялық ритіміне сәйкес келмейтінін айтады.

Адам баласы эволюциялық түрде пайда болғаннан бастап, адамның эндогендік ішкі биоритмдері бар. Бүкіл тіршілік иесінде, соның ішінде өсімдіктерде, бір клеткалы жәндіктерде де бар. Кейін адамдардың күн ырғағымен сәйкестігі бұзылды. Салдарынан оның ішкі биоритмдері өзгеріске ұшырады. Себебі адамның ішкі ағзаларының өз уақыттары бар. Демек адамның ішкі ағзаларының бір-бірімен сәйкестігі бұзылған. Осындай биологиялық ритмнің бұзылуы диабет, рак, аллергия және тағы басқа ауруларының асқынуына қатысы бары дәлелденген, - деді маман.

Қолданбалы хронобиология маманы неге кейбір адамдар қазіргі уақытқа бейімделе алмай, қарсы шығып жүргенін түсіндірді.

Ғалым Тиль Роеннберг айтқандай, "маған кешкісін жарық болған ұнайды дегендер, маған шылым шеккен ұнайды дегенмен бірдей. Екеуінің айтқаны да геодонистикалық тұрғыда ғана дұрыс. Ал ғылыммен дәлелді ескермейді" дейді. Осы ретте шылым шеккен адамдар темекіден бас тартқан кезде өзін жаман сезініп, ізденіп кетеді ғой. Яғни зиянды әдеттен бас тартқысы келмейді. Міне, табиғаттың уақытына бейімделгісі келмейтін азаматтардан дәл сондай әдетті байқап отырмыз, - деді Болат Жолтайұлы.

Маман азаматтарға кешкі 22:00-де ұйықтауға кеңес берді.

Маған кеше бір азамат түнгі 00:00 ұйықтап, 6:00 тұрамын дейді. Ол күніне 6 сағат ұйықтайды екен. Бұл ұйқы адам үшін жеткіліксіз. Қазіргі уақытпен ол азамат 23:00-де ұйқыға кетуге тиіс. Демек өзін уақытқа бейімдегісі келмейді. Кейін күндіз күні бойы шаршап, шалдығып жүреді. Медицина саласының мамандары ұйқығы кететін уақыт 22:00-23:00 арасы екенін талай мәрте айтқан. Ол уақытта ұйықтау адамның миын тазартады, гормон жұмыстарын реттейді. Бұған дәлел көп, - деді ол.

Нұрқожаевтың сөзінше, қазіргі таңда дамыған елдердің көбі ғылыми дәлелдерге сүйеніп, табиғи уақытқа көшіп жатыр.

"Темекі шеккенін қоя алмаған сияқты". Маман уақыт белдеуіне қарсы шығып жүргендердің кім екенін айтты

Қазіргі таңда АҚШ пен Еуропаның 14 мемлекеті уақыт белдеуіне байланысты өз ұсыныстарын айтып жатыр. Қазір петиция жарияланып та үлгерді. Яғни Еуропа халқы жазғы және қысқы уақыт белдеуін алып тастамақшы. Бұл мәлімдемелердің бәрі ғылымға сүйеніп жасалып отыр, - дейді Қолданбалы хронобиология маманы.

Бұған дейін уақыт қалай еді?

Наурыздың бірінші күні Қазақстанның бүкіл аймағы UTC+5 уақыт белдеуіне көшті. Қазіргі таңда Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары жаңа уақыт белдеуі бойынша өмір сүріп жатыр.

Бұған дейін Астана, Алматы, Шымкент қалалары және қалған облыстар (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Алматы) UTC+5+1 сағаттық белдеуде еді.

Өзгелердің жаңалығы