Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапон ғалымдары темекінің вакцинадан кейін қалыптасатын антиденеге зиян екенін анықтады.
Бұл туралы medRxiv хабарлады.
Жапондық Докке және Джичи медициналық университеттерінің мамандары вакцинациядан кейін антиденелердің концентрациясына әсер ететін факторларды атады.
Зерттеу жүргізу барысында олар SARS-CoV-2-ге қарсы антиденелердің ұзақ сақталуын анықтау үшін Pfizer вакцинасының екінші компонентін алған 378 адамнан, оның ішінде 255 әйел жәнеде 123 ер адамнан қан алған.
Талдау кезінде пациенттің жасы мен жаман әдеттері ескерілді.
Тәжірибенің негізгі бөлігінде темекі өнімін мүлдем тұтынбаған және күнделікті өмірде темекі шегетін еріктілердің екпеден кейінгі антиденелерін салыстырды. Белгілі болғандай, шылымға тәуелді топ өкілдері антиденелерінің концентрациясы қажетті нормадан 140-250 бірлікке төмен екені анықталды. Ал екінші фактор ретінде антиденелердің әлсіздігі егде жастағы пациенттерде байқалды.
Иммунологтардың айтуынша, темекі шегуден бас тарту екпенің тиімділігін одан әрі арттырады. Жаман әдеттерден бас тартқан адамдардың иммунитетінде тұрақты күш болады.