Темекі бағасына қосылатын салық ұлғайтылады

25 Мамыр 2022, 13:03
2643
Бөлісу:
Темекі бағасына қосылатын салық ұлғайтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2024 жылы темекіге акциз (салық) кемінде 28 евро деңгейінде белгіленеді деп болжанып отыр. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.

Еуразиялық экономикалық одақ аясында темекі өнімдеріне арналған акциздердің мөлшерлемелерін үйлестіру жөніндегі міндеттемелер қабылданды. 2024 жылы темекіге акциз кемінде 28 евро деңгейінде белгіленуі керек. Міндеттемелерді орындау үшін темекіге акциздерді кезең-кезеңімен көтеру ұсынылады, - деді.

Министрдің сөзінше, темекі өнімдерінің басқа түрлері бойынша, соның ішінде қыздырылатын темекісі бар өнімдерге акциздерді кезең-кезеңімен ұлғайту ескерілген.

Акциз деген – тұтыну тауарларының және көрсетілетін қызметтердің бағасына қосымша салынатын салықтың бір түрі. Акцизді дүкенге барғанда байқамай қалуымыз да мүмкін, өйткені акциз тауарлардың бағаларына қосылған.

Заң жобасының мақсаттары мынадай:

- салық салудың сараланған тәсілін қолдана отырып, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың мөлшерлемелерін ұлғайту, рентабельділік деңгейіне байланыстыра отырып, жаңа кен орындары үшін осындай салықты төлеуден босату;

- дивидендтер бойынша жеңілдіктердің күшін жою және оларға салық салу, бейрезидент-үлестес тұлғалар көрсеткен материалдық емес қызметтер бойынша шегерімдерді қолдануды шектеу;

- цифрлық майнингке салық салу мөлшерлемелерін арттыру; 

- төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде келтірілген залалды өтеу кезінде салықтық жеңілдіктер беру мәселелерін реттеуге мүмкіндік беретін нормаларды енгізу;

- темекі өнімдеріне акциз ставкаларын, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің темекі өнімдеріне акциздер саласындағы салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімнің нормаларын іске асыру мақсатында белгілеу ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы