Телефондағы жеке куәліктің суреті цифрлық құжат бола ала ма?

4 Мамыр 2022, 11:22
2532
Бөлісу:
Телефондағы жеке куәліктің суреті цифрлық құжат бола ала ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин депутат Әлия Әпсеметованың сұрағына жауап берді.

Депутат қолындағы ұялы телефонындағы «жеке куәліктің суреті цифрлық құжат бола болып есептеле ме?» деп сұрады.

Өз кезегінде министр телефондағы жеке куәліктің суреті цифрлық құжат болып есептеле алмайтынын айтты.

Жеке куәліктің немесе басқа да құжаттың суреті цифрлық құжат болып есептеле алмайды. Өйткені цифрлық құжат дегеніміз – Egov mobile қосымшасында немесе басқа банктердің қосымшасындағы құжаттар. Өзіңіздің жеке құжатыңызды жүктесеңіз, QR-коды шығады. Ол құжаттың сіздің құжат екенінің шынайылығын растайтын тәсіл. Сол себепті жеке куәліктің суреті цифрлық құжат болып санала алмайды, - деп жауап берді Мусин.

Еске сала кетейік, бүгін Цифрлық даму басшысы Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда таныстырды.

Өзгелердің жаңалығы