Телефон сатып алмақ болған ер адам астаналық ерлі-зайыптыны тонап кетті

24 Қаңтар 2023, 20:52
912
Бөлісу:
Телефон сатып алмақ болған ер адам астаналық ерлі-зайыптыны тонап кетті
PHOTO
Фото: Polisia.kz

Телефон сатып алмақ болған ер адам астаналық ерлі-зайыптыны тонап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz.

Брендтік телефонын сатылымға қойған ерлі-зайыпты тонаудың құрбаны болды. Қала тұрғыны Market.kz сайты арқылы IPhone 14 телефонын сату туралы хабарландыру берген. 

WhatsApp мессенджері арқылы белгісіз ер адам байланысқа шығып, Домбыралы көшесінде кездесу орнын белгілеген. Әйел жұбайымен бірге мекенжайға келген. 

Телефон сатып алмақ болған ер адам астаналық ерлі-зайыптыны тонап кетті

Көліктен шыққаннан кейін әйел сатып алушыға жақындайды, бірақ сол кезде ол тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, сатуға жарияланған ұялы телефонды беруді талап еткен. Жәбірленушінің жұбайы дұрыс емес нәрсені байқап, оларға жақынған сәтте ұры оның да ұялы телефонын талап еткен. 

Сарыарқа ауданы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 26 жастағы астаналықты анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. 

Қажетті сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 

Өзгелердің жаңалығы