Сайлауалды: Теледебат жөнінде

24 Мамыр 2019, 16:57
2248
Бөлісу:
Сайлауалды: Теледебат жөнінде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 29 мамырда кезектен тыс президент сайлауына қатысатын үміткерлер арасында теледебат өтетінін хабарлаған болатын.

Бірақ теледебаттың тікелей немесе жазбаша түрде көрсетілуін Орталық сайлау комиссиясы емес, теларнаның өзі шешеді. Бастысы, теледебат 80 минуттан кем болмауы тиіс.

«Осы сәттен бастап, теледебаттың форматын қалай ұйымдастыру керектігін ойластырып жатырмыз. Теледебат тікелей эфирде немесе жазбаша түрде көрсетілуі жұмыс тобының отырысынан кейін шешіледі. Жұмыс тобына біздің агенттіктің тәжірибелі мамандары, кәсіби журналистер енген. Олар бұған дейін бірнеше ток-шоуларды, осындай дебаттарды ұйымдастырған», - дейді «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Ринат Кертаев.

Айта кетейік, теледебат 3 раундтан тұрады. Бірінші раундтың тақырыбы – Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары». Екінші раунд «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы» деп аталады.  Үшінші раундтың тақырыбы –  «Сайлаушыларға арнау». Онда қатысушылар тікелей сайлаушыларына арнап сөз сөйлейді.

Өзгелердің жаңалығы