Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің үш өңірінде теле және радио хабар тарату уақытша өз жұмысын тоқтатады. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы хабар тарату саласындағы ұлттық оператор хабарлады.
«2019 жылдың тамызында Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарының радиотелевизиялық станцияларында аналогтық жабдықтарды бұзу-бөлшектеу жұмыстары басталады. Осы жұмыстарға байланысты аталған өңірлерде теле-, радиобағдарламалардың сигналдары уақытша өшірілмек. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», - делінген хабарламада.
Жабдықтарды бұзу-бөлшектеу жұмыстарының кестесімен мына жерде таныса аласыздар: