Кәсіпкерлерді тексеру негізінен жазалауға бағытталған – "Атамекен" ҰКП

25 Ақпан 2020, 11:55
1835
Бөлісу:
Кәсіпкерлерді тексеру негізінен жазалауға бағытталған – "Атамекен" ҰКП

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды. 

Іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған заңнамалық шараларға қатысты «Атамекен» қалыптасқан күннен бері кәсіпкерлердің 624 жүйелі мәселелері анықталып, оның 501 немесе 80 пайызы өз шешімін тапты. Келесі кезең өзгертулердің 8-ші пакеті бизнестің жүйелі мәселелерін зерттеу нәтижесінде "Атамекеннің" араласуымен елдегі іскерлік ахуалды жақсартуға бағытталған 50-ден астам түзетулер дайындалды. Олар жер қатынастары, бәсекелестік, экономикалық және банктік қызмет саласына байланысты, сондай-ақ монополияға қарсы заңнамаға, кәсіпкерлік кодекске және т.б. заңдарға бірқатар түзетулер енгізуді ұсынамыз. Атап айтсақ, заң бұзушылықтардың жекелеген түрлері үшін айыппұлдардың өсуіне және кәсіпкерлік субъектілердің ешқандай дәлелдемелер жинамай монополияға қарсы заңдарды бұзды деп айыптау мүмкіндігіне жол бермеуге, жер қатынастарын жақсартуға, кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық-экономикалық және әлеуметтік жолдар жасау және т.б. Осы орайда заңамалық бастамалардың 8-ші топтамасы аясында "Атамекен" ұсынған түзетулерді қолдауды сұраймыз, - деді "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Оның сөзінше, биыл кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы аяқталады. Кәсіпкерлі қызмет пен мемлекеттік тиімді реттеуге бағытталған соңғы жылдардағы барлық реформалар осы тұжырымдамаға жүргізілді. 

Елдегі бизнесті, мемлекеттік реттеуді дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстарға қарамастан келесі мәселелер анықталып отыр. Біріншіден, мемлекеттік органдардың реттеушілік әсерді талдауды жүргізуге бейтарап көзқарастың сақталуы. Екіншіден, кейбір реттеуші органдардың бизнеске бақылау жүктемесін шамадан тыс арттыруы, тексерулердің негізінен жазалауға бағытталуы. Үшіншіден, заңнамалық реттеулерге қарамастан ақпараттық талаптардың, әртүрлі есеп берулердің бизнес субъектілердің көпшілігіне кең таралуы. Төртіншіден, заңнамада бекітілген нормалардың болуына қарамастан, өзін-өзі реттеу салаларының нашар дамуы. Осыған байланысты алдағы 5 жылға кәсіпкерлік дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу ұсынылады - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы