Тексеру нәтижесі. Павлодарда бірнеше адамнан қатерлі ісік анықталды

6 Ақпан 2021, 23:31
1891
Бөлісу:
Тексеру нәтижесі. Павлодарда бірнеше адамнан қатерлі ісік анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні облыстық онкологиялық диспансерде онкологиялық ауруларды ерте анықтауға және алдын алуға арналған ашық есік күні өтті.  Қабылдауды мекеменің үздік мамандары жүргізді.

Pavlodarnews.kz порталының мәліметінше, дәрігерлер қаланың барлық тұрғынын шақырған. Ол үшін алдын ала тіркелудің қажеті болмады және  тегін кеңес берілді.

Диспансердің үздік онкологтары мен онкогинекологтары қабылдау жүргізді. Ашық есік күні 114 адамға кеңес берілді, қатерлі ісіктің екі жағдайы, бес обыр алды жағдайы және тағы 52 ауру анықталды, - деп хабарлады орталықта.
Дәрігерлер өңір тұрғындарын жыл сайын емханаларда тексеруден өтуге шақырды. Ақ желеңділер онкологияның ерте сатысында емделетінін еске салады, сондықтан скрининг  туралы ұмытпаған дұрыс.

2021 жылдың 12 қаңтарынан бастап облыстық онкодиспансерде алғашқы пациенттер «Varian Medical Systems» американдық компаниясының «VitalBeam» КТ-симуляторы бар желілік үдеткіште конформды сәулелік терапияны ала бастады.

Бұған дейін өңірлік әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында әртүрлі жаста скринингтен неге өту керектігі айтылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы