Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры тағайындалды

26 Шілде 2023, 17:09
984
Бөлісу:
Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры тағайындалды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Серік Тілеуханұлы Джартыбаев техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Джартыбаев Серік 1981 жылы Абай облысында туған.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, Ұлыбританиядағы Лидс университетін (University of Leeds) бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Павлодар облысы, Павлодар ауданының Розовка орта мектебінде тарих және география пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2004-2008 жылдары - Павлодар ауданының «Красноармейка аграрлы-техникалық колледжінің» қоғамдық пәндер оқытушысы және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.

2008-2011 жылдары - Павлодар ауданы, №1 Чернорецк жалпы орта білім беру мектебінің директоры.

2010-2011 жылдары - Ефремовка жалпы орта білім беру мектебі директоры.

2011-2016 жылдары – Красноармейка аграрлы-техникалық колледжінің директоры.

2012-2014 жылдары - Павлодар аудандық мәслихатының депутаты болған.

2016-2017 жылдары Астана қаласындағы Kasipkor Holding талдау және коммуникациялар басқармасының бастығы.

2017-2018 жылдары - Павлодар қаласындағы «С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті колледжін» басқарған.

2018-2020 жылдары - Павлодар ауданының «Ertis» жоғары Инновациялық аграрлық колледжінің басшысы қызметін атқарған.

2021 жылдан бастап Павлодар облыстық мәслихатының депутаты.

2020 жылдың қазан айынан бүгінге дейін Павлодар қаласының «Ақпараттық технологиялар колледжінің» басшысы қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы