Техникалық мамандыққа сұраныс болады - Жақыпова

10 Қыркүйек 2024, 11:06
377
Бөлісу:
Техникалық мамандыққа сұраныс болады - Жақыпова
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде техникалық білімі бар мамандарға сұраныс артатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Талдау көрсеткендей, соңғы 10 жылда кәсіптік техникалық білімі бар жұмыспен қамтылғандардың үлесі жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 49%-на жетіп, 17 пайызға ұлғайды. Көріп отырғандарыңыздай, экономика салалары бойынша кәсіптік-техникалық білімі бар жұмысшылардың ең көп саны сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік  салаларында басым болып, жалпы саны 2,5 миллион адамға жетіп отыр, – деді министр Үкімет үйінде. 

Жақыпованың сөзінше, еңбек нарығында кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге деген сұраныс бар.

Техникалық білімі бар қызметкерлерге күтілетін сұраныс жоғары білімі бар қызметкерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары. Бұл ретте, 2030 жылға дейін кадрларға жалпы қажеттілік  1,8 миллион адамнан асып, оның ішінде техникалық білімі бар азаматтарға сұраныс 1 миллионға жуықтайтыны болжанып отыр, – деді Еңбек министрі.

Өзгелердің жаңалығы