Техас штатында 113 миллион жыл бұрын тіршілік еткен алып динозаврлардың іздері табылды

25 Тамыз 2022, 22:15
1078
Бөлісу:
Техас штатында 113 миллион жыл бұрын тіршілік еткен алып динозаврлардың іздері табылды

Техас штатында қуаңшылық салдарынан 113 миллион жыл бұрын тіршілік еткен алып динозаврлардың іздері табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұрын олар су мен әктас қабатының астынан көрінбей тұрған. Алайда кейінгі уақытта өзен суы тартылып, іздер анық байқала бастаған. 

Айта кеткен жөн, Техас аумағының 87 проценті құрғақшылықтан зиян шегіп отыр. Қазір бұл өзге өңірлер үшін де өзекті проблемаға айналған. 

Мәселен, Невада мен Аризонада қуаңшылық салдарынан суды тұтыну шектелді. 

Өзгелердің жаңалығы