Тегін дәрі-дәрмек қандай науқастарға беріледі?

29 Шілде 2021, 16:05
2368
Бөлісу:
Тегін дәрі-дәрмек қандай науқастарға беріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының қызметі туралы өткен брифингте айтты.

Қор тарапынан мақсатты топтағы пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. 2021 жылдың І жарты жылдығында Нұр-Сұлтан қаласында 5,43 млрд теңге сомасына 438 057 тегін рецепт бойынша 147 173 пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Қор Денсаулық сақтау басқармаларының алдында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын барлық пациенттерді қамту туралы мәселені бірнеше рет көтерді. Биыл бұл мәселені шешуде ілгерілеушілік бар, алдағы уақытта да бұл мәселеге мониторинг жүргізіледі. Себебі Қор пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру бойынша «СҚ-Фармация» және медициналық ұйымдар алдындағы өз міндеттемелерін толық орындайды, - деді ол.

Нұрлыбек Қабдықапаров қандай санаттағы науқастар дәрімен қамтамасыз етілгенін айтты.

COVID-19 коронавирус инфекциясымен күрес аясында амбулаториялық деңгейде балаларда – пневмония, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті қабыну инфекциялары бойынша, ақпараттық жүйедегі деректерге сай, 2021 жылдың 6 айында 104,07 млн теңге сомасына 26 226 рецепт бойынша 19 472 пациент антибактериалдық, ыстық түсіретін препараттармен және антикоагулянттармен қамтамасыз етілді. Оның ішінде: COVID-19 коронавирус инфекциясы. Коронавирус COVID-19, идентификацияланбаған вирус (U07.2) диагноздары бойынша 88,48 млн теңге сомасына 14 117 рецептімен 9 851 пациент дәрілік заттармен қамтамасыз етілді, - деді ол.

Оның айтуынша, COVID-19-дың жеңіл түрімен ауырған науқастар, ПТР-тест нәтижесіне қарамастан, тек емдеуші дәрігерінің тағайындауы бойынша ыстық түсіретін дәрілер мен антикоагулянттарды өзі тіркелген емханадан ала алады.

Өзгелердің жаңалығы