Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл науқаспен жақын қарым-қатынаста болғандар және байланыс жасағандар, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.
Еске сала кетелік, 16 сәуірден бастап, Теңіз кенішінен шұғыл емес персоналдарды шығару басталған болатын. Тұтастай алғанда 17 000-нан астам жұмысшыны шығару жоспарланып отыр.
Олардың арасында 6 000 нан астам жұмысшы Атырау облысының, 2 000 нан астамы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының, 600 ден астамы Маңғыстау облысының тұрғындары. Қалған қызметкерлер Қазақстанның өзге де өңірлерінен келген мамандар, деп нақтылады Шұғыл штаб.
Қазіргі уақытта 10 мыңнан астам жұмысшы шығарылды. Оның ішінде 4 мыңға жуық жұмысшы әуе жолымен, 3 мыңға жуық жұмысшы темір жол қатынасымен, 3 мыңнан астам жұмысшы автобус көлігімен тасымалданды. Қалған жұмысшыларды шығару процесі 5 мамырда аяқталады деп күтілуде.
Бүгінгі таңда Теңіз кенішіндегі жұмысшылар арасында қауіпті дертке шалдыққандар саны 71 адамға жетті. 12 жұмысшы жазылып шықты. Теңіз кенішінде коронавирусқа шалдыққандармен байланыста болған 1,5 мыңнан астам жұмысшы анықталды. Оның ішінде 847 адам жақын қатынаста, 718 адам байланыста болған.