Теңіз кен орнының төрт жұмысшысы Covid-19 індетін жұқтырған

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда коронавирус инфекциясы анықталған​дар саны 139 адамға &nbsp;жетті, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.&nbsp;</h4>

 1 Мамыр 2020 2020, 14:03
1 Мамыр 2020 2020, 14:03
2180

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырауда коронавирус инфекциясы анықталған​дар саны 139 адамға  жетті, деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб. 

Науқастар​ ​ 1988,​ ​ 1993​ жылы туған әйел​ адамдар мен 1968, 1978 жылғы ер адамдар. Олардың барлығы ​ Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшылары.Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижесі бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Науқастармен байланыс жасаған адамдар анықталып, оқшаулануда. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. 

30 сәуір күнгі жағдай бойынша, Атырау облысында 139 ​ адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр.​ Қауіпті індеттен 64 адам айықты.

Наверх