ТДМ-2030: Қазақстан қылмыс пен жемқорлықты азайтатын мақсатты жүзеге асырып жатыр

5 Қараша 2020, 15:35
1392
Бөлісу:
ТДМ-2030: Қазақстан қылмыс пен жемқорлықты азайтатын мақсатты жүзеге асырып жатыр

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Тұрақты даму мақсаттарының әлем, сот төрелігі және тиімді институттарды қамтитын 16-мақсатын жүзеге асыруға бағытталған онлайн баспасөз конференциясы өтті.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ басқарма төрағасы Батима Мукина барлық жоба маңызды өмірлік проблемаларды қамтитынын айтты. 

Әрбір әлеуметтік жоба қорытынды мақсатқа жеткенше жұмыс істейді. Әрине, олардың жүзеге асырылуының сапасы сұрақ тудыруы мүмкін. Алайда оның басталуының өзі үлкен мәнге ие, - деді ол.  

Өз кезегінде «Expo & Women» халықаралық ұйымының басқарма төрағасы Ләззат Асқарова 16-мақсаттың маңыздығы пандемия кезінде аса байқалғанын айтты. 

16-мақсатқа жету қазіргі кезеңде өте маңызды болып отыр. Бұл әлем бойынша да, Қазақстан үшін де ерекше рөлге ие болды. Тұрақты даму мақсаттарын дамыту өте маңызды. ТДМ өмір сүрудің қолайлы жағдайын қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, әрбіреуімізге қатысты болып отыр. Оның ішінде 16-мақсатты жүзеге асыру өмір сүрудің барлық саласына әсер етеді. Егер біз бұл мақсатты жүзеге асыруға қатыссақ, қылмыс пен жемқорлық саны азаяды. Бұл мақсатта көрсетілгендей, ешкім зорлыққа ұшырамауы керек, - деді ол.  

Айта кетейік, 2015 жылдың қыркүйек айында БҰҰ-ның 70-ші Бас Асссамблеясы шеңберінде БҰҰ саммитінде 2015 жылдан кейінгі даму саласындағы күн тәртібін қабылдау бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев өзге БҰҰ мүше-мемлекеттердің басшыларымен бірге, Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бағдарлары Қазақстанның басымдықтары  мен міндеттеріне толық сәйкес келетініне ерекше көңіл бөліп, бұдан  былайғы жаһандық дамуға арналған жаңа құжатқа қол қойды. ТДМ азаматтардың өмір сапасын арттыруға, мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және экологиялық тұрақтылығына бағытталған 2030 жылға дейінгі мақсаттар мен индикаторлардың кешенді әмбебап жинағы  болып табылады.   

ТДМ 2030 жылға дейін жетуге тиіс  17 мақсаттан, сондай-ақ, оларға байланысты 169 міндеттен және 242 индикатордан тұрады.

Өзгелердің жаңалығы