Тәжікстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

24 Сәуір 2023, 22:26
892
Бөлісу:
Тәжікстан президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Фото: adbmch.tj/ru

25 сәуірде Астанада Қазақстан мен Тәжікстан сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде саяси консультациялары өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәліметінше, бұл жиында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға мемлекеттік сапары талқыланады.

Қазақстан тарапын сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев, тәжік тарапын Сыртқы істер министрінің орынбасары Содик Имоми басқарады. Саяси консультациялардың басты тақырыбы Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелерін талқылау болмақ, - деді Смадияров.

Өзгелердің жаңалығы