Тәжікстан Халықаралық қылмыстық соттан шығатынын мәлімдеді

Тәжікстан билігі бұл шешімді Халықаралық қылмыстық соттың қызметіне қатысты сынмен түсіндірді.

 depositphotos.com 24 Қараша 2026, 05:18
24 Қараша 2026, 05:18
102
Фото: depositphotos.com

Тәжікстан Біріккен Ұлттар Ұйымына Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутынан шығу туралы шешімін ресми түрде хабарлады. БҰҰ тиісті хабарламаны 20 қарашада алған. Елдің ұйымнан шығуы 2027 жылғы 20 қарашада күшіне енеді. Осы уақытқа дейін Тәжікстан сотқа мүше болып қала береді, деп хабарлайды DW.

Тәжікстан билігі бұл шешімді Халықаралық қылмыстық соттың қызметіне қатысты сынмен түсіндірді. Қазан айында ел Сыртқы істер министрінің орынбасары Идибек Каландар Гаагадағы соттың саясаттануы халықаралық қылмыстық әділеттілікті мемлекетаралық даулардағы саяси қысым құралына айналдырып отырғанын мәлімдеген.

Оның айтуынша, мұндай әрекеттер соттың тәуелсіз орган ретіндегі мәртебесіне нұқсан келтіреді.

Бұған дейін, 22 қарашада Еуропалық одақ Тәжікстанды Ресей президенті Владимир Путиннің елге сапары кезінде Халықаралық қылмыстық соттың оны тұтқындау туралы ордерін орындамағаны үшін сынға алған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Буркина-Фасо, Мали, Нигер және бірқатар басқа мемлекеттер де Халықаралық қылмыстық соттан шығатынын жариялаған. 2025 жылы Венгрия да осындай шешім қабылдағанымен, кейін оны кері қайтарды.

Наверх