Тазалық әр ауладан басталады

8 Қазан 2022, 17:47
1576
Бөлісу:
Тазалық әр ауладан басталады
PHOTO
Фото: автордан

Осындай ұранмен бүгін ақтөбеліктер екі айлық аясында сенбілікке шықты, деп хабарлайды Ақтөбе облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Сенбілікке Ақтөбе қаласындағы кәсіпорындардың жұмысшылары, департаменттер мен басқармалардың қызметкерлері, білім беру ұйымдарының мамандары шықты.

Тазалық әр ауладан басталады

Біз қыркүйек айынан бастап күзгі екі айлық аясында әр сенбі сайын сенбілікке шығып жатырмыз. Бізге бөлінген аумақтарды қоқыстан, шөптерден тазартып, осы акцияға өз үлесімізді қосып келеміз. Бүгінгі сенбілікке экология департаментінен 20-ға жуық қызметкер және эко-белсенді жастар қатысып жатыр. Орск тас жолының бойы мен Қарғалы қалалық ауруханасы аумағына тазалық жұмыстарын жүргіздік, – дейді Ақтөбе облыстық экология департаментінің бас инспекторы Талап Уснадин.

Бүгінгі сенбілікке орта білім беретін мектептер де өз үлесін қосты. Мәселен, #2 орта мектеп-гимназиясының отызға жуық педагогы тазалық акциясына қатысып, мектеп аумағын қоқыстан, арамшөптерден тазартты. Ағаштарды әктеп, жапырақтарды жинады.

Тазалық әр ауладан басталады
Тазалық әр ауладан басталады

Екі айлыққа біз де үлес қосып, қаламыздың тазалығы үшін акцияға белсенді түрде атсалысып жатырмыз. Біздің ұстаздарымыз қашан да мектептің абыройы үшін еңбек етуге әзір. Жалпы тазалық әр үйдің, әр мекеменің табалдырығынан басталады. Сондықтан біз жас ұрпаққа алдымен өзіміз үлгі көрсетуіміз керек, – дейді директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Раиса Учанова.

Айта кету керек, #2 орта мектеп-гимназиясында биылғы оқу жылында 1596 оқушы білім алып жатыр. Сондай-ақ 102 педагог жұмыс істейді. Мектеп қазақ және орыс тілдерінде білім береді.

Өзгелердің жаңалығы