"Таза су айдындары" табиғат қорғау акциясы жалғасуда

4 Мамыр 2024, 18:04
245
Бөлісу:
"Таза су айдындары" табиғат қорғау акциясы жалғасуда
Фото: Скрин

Балық шаруашылығы комитеті төрағасының 2024 жылғы 1 наурыздағы бұйрығымен 1 наурыз бен 31 мамыр аралығында балық шаруашылығы су айдындарында «Таза су айдындары - 2024» табиғат қорғау акциясын өткізу бекітілді,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балық шаруашылығы комитетінің мәлімдеуінше, аталған акция су айдындарын тасталған балық аулау құралдарынан тазарту және жағалау аумақтарын жинау, сондай-ақ балық ресурстарына азаматтардың жанашырлықпен қарауын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Өңірлердің табиғи-климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Жетісу облыстарында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы ағымдағы жылдың 1 наурызында, ал Алматы, Жетісу, Қарағанды және Ұлытау облыстарында 15 сәуірде басталды.

Акция Абай, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында 2024 жылдың 1 мамырында басталады.

Ағымдағы жылдың 30 сәуіріне жалпы республика бойынша су айдындарынан 17 км-ден астам иесіз ау құралдары алынды, қоқыс полигондарға 43 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

Акцияға 910 адам қатысты, 45 жүзу құралы, 124 бірлік автокөлік мен жүк көлігі құралдары жұмылдырылды.

Табиғат қорғау акциясы жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы