«Таза Қазақстан»: Жамбылда қоғамдық тәртіпті бұзғандар бейнекамера арқылы анықталды

Жамбылда қоқыс тастап, қоғамдық орында ішімдік ішкен 391 құқық бұзушы жауапқа тартылды. 

24 Қыркүйек 2026, 18:16
АВТОР
 видеодан скриншот 24 Қыркүйек 2026, 18:16
24 Қыркүйек 2026, 18:16
128
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысында полиция қызметкерлерімен «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері 391 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

Қоғамдық орындардың тазалығы мен тәртібін бақылауда Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары да тиімді пайдаланылып келеді. Көшелер мен аулалардағы жағдай тәулік бойы бақылауда болып, тәртіп бұзған азаматтар камера назарына ілігеді. Мәселен, белгіленбеген жерге қоқыс тастау, қоғамдық аумақтарды ластау, абаттандыру талаптарын бұзу, сондай-ақ қоғамдық орындарда темекі тұқылын лақтырып, алкогольдік ішімдік ішу сияқты жағдайлар анықталуда, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі. 

Камера арқылы құқық бұзушылықты байқаған полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел барып, заң бұзушылықтың жолын кеседі. Анықталған фактілер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Тазалықты сақтау – тек арнайы қызметтердің міндеті емес. Қоғамдық орындарға ұқыпты қарау, қоқысты белгіленген орынға тастау және тәртіп талаптарын сақтау – әр азаматтың жауапкершілігі, - дейді құқық қорғаушылар. 

Айта кетейік, бүгін Президент Халық кеңесінің алғашқы сессиясында тазалықты ұлттық брендке айналдыруымыз керектігін айтты. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ (@zhambyl_police)

Наверх