«Таза Қазақстан»: Ақтауда 25 мың тоннаға жуық заңсыз тасталған қоқыс шығарылды

17 Маусым 2024, 23:30
313
Бөлісу:
«Таза Қазақстан»: Ақтауда 25 мың тоннаға жуық заңсыз тасталған қоқыс шығарылды
Фото: mangystaumedia.kz

Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен заңсыз тасталған қоқыс үйінділері тазаланды. Тазалық жұмыстары барысында заңсыз тасталған 25 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл жұмыстарға 13 арнайы техника мен 10 қызметкер жұмылдырылды. Заңсыз тасталған қоқыс үйінділерін тазалау жұмыстары мына мекен-жайлар бойынша жүргізілді:

-Өндірістік аймақ – 3

-Өндірістік аймақ - 3, 45

-Өндірістік аймақ – 3«Авто бипэк» маңы

-Өндірістік аймақ - 3,23

-«Үлкен Оймаша» маңы

-«ПК Урожай» маңы

Заңсыз тасталған қоқыс үйіндісін тазалау барысында 25 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Заңсыз қоқыс тастаған азаматтарға әкімшілік шара қарастырылған. Заң бұзушылық анықталған жағдайда ҚР Әкімшілік және құқық бұзушылық кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады. Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі қала тұрғындарынан заңсыз әрекеттерге бармауды және үлкен қоқыстарды қаладан 25 шақырым жерде орналасқан полигонға шығаруды сұрайды, - деді Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Бахтияр Мақсатов.

Өзгелердің жаңалығы