Тайжан: Көлік салығынан жиналған қаражат трасса тұрмақ, бір қаланың жолдарын ұстауға да жетпейді

5 Маусым 2021, 21:03
7704
Бөлісу:
Тайжан: Көлік салығынан жиналған қаражат трасса тұрмақ, бір қаланың жолдарын ұстауға да жетпейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғам қайраткері, Жер комиссиясының мүшесі Мұхтар Тайжан әлеуметтік желідегі парақшасында ақылы жолдар мәселесі өзекті екенін айтты.

Қоғам белсендісінің айтуынша, ақылы жолдар енгізілгеннен кейін көптеген адам ақылы жол бағасының (инфляцияның) көтерілуінен қорқады.
Кешегі ақылы жолдар тақырыбы өте өзекті болды, бірнеше сағат ішінде 250 пікір жиналды. Мен пікірлерді оқып, ақылы жолдар енгізілгеннен кейін көптеген адам ақылы жол бағасының (инфляцияның) көтерілуінен қорқатынын байқадым. Бірге есептеп көрейік. қазақстандық жолдар бойынша жүк көлігі үшін 1 шақырымға 25 тг төлем енгізіледі. Көбінесе транспорттың дәл осы түрі жолдарды бұзады. Қазақстан жолдарымен 1000 шақырым жүріп өткен 20 тонналы жүк көлігін алайық. Бағасы 20 000 келі жүк үшін жол ақысы 25 000 теңгені құрайды. Яғни, 1 келі жүкке шамамен 1,25 теңгеден келеді. Бұл инфляцияның көтерілуіне түрткі бола ма? Сонымен қатар теміржол көлігі де бар. Ол арқылы да елімізге импорт келеді. Жеңіл көліктер үшін 1 шақырым жолға - 1 теңге. Ал автобустар үшін - тегін, - деді ол.

Мұхтар Тайжан елімізде барлық жол ақылы емес екенін айтты. 

Бұдан бөлек, Қазақстанның барлық жолы ақылы болмайды. Тек жап-жаңа 5 мың шақырым жол ғана ақылы болады. Оларға тиісті күтім қажет, қардан тазартып отыру қажет. Жөндеу жұмыстары және т.б. қажет. Ал Қазақстанда барлығы 25 мың шақырым жол бар, яғни жолдың 4/5 бөлігі тегін болып қалады. Адамдардың қорқынышымен айласын асыратындарды ұнатпаймын. Егер хайпқа жол берсе, ол ақыл-ойды тежейді, - дейді Жер комиссиясының мүшесі.

Оның сөзінше, көптеген адам таңдау болу үшін параллель жатқан тегін жолдар болуы керек деп айтады. 

Жарайды, Атырау-Ақтау немесе Ақтөбе-Қызылорда, немесе Астана-Алматы сияқты параллель жолдарды қалай елестетесіз? Бізде жолдардың қашықтығын білесіз бе? Халықтың тығыздығы қандай? Бұл Еуропа емес қой! Сосын халыққа тегін деген нені білдіреді? Автобустарға - тегін. Жеңіл автокөліктер үшін 1 шақырымға - 1 тг. Бұл міне халық. Ал жүк көліктері - бұл бизнес, әрі жоғары табысқа ие бизнес. Олар мемлекеттік инфрақұрылымды пайдаланғандары үшін ақы төлеуі керек, - деп атап өтті ол.

Мұхтар Тайжан ел арқылы өтетін шетелдік транзиттік жүк көлігі бізде ешқандай салық төлемейтінін айтты.

Көптеген адам көлік салығы қайда кетеді деп сұрайды. Қазақстанда жылына 10 млрд теңге көлік салығы жиналады. Бұл қаражат республикалық трассалар тұрмақ, тіпті бір қаланың жолдарын ұстауға да жетпейді. Оның үстіне транзиттік жүк көлігі бізде ешқандай салық төлемейді. Неліктен шетелдік транзиттік жүк көліктері біздің жаңа жолдарымызды ақысыз пайдалануы керек? Бұл жарамайды. Біз жолды кім үшін салдық? Жолдарды салғаннан кейін, кем дегенде, қызмет көрсету үшін ақша табу керек!, - деді Тайжан.
Кеше Мұхтар Тайжан қазақстандық автожолдарды коммерциялық мақсатта кім пайдаланады, сол төлеуі керек деп айтқан болатын.
Өзгелердің жаңалығы