Тайваньда метрода белгісіз біреулер пышақпен шабуыл жасап, адамдар қаза тапты

Тайвань астанасы Тайбэйде белгісіз адам метроның екі станциясында жолаушыларға пышақ және түтін шашқыштарды пайдаланып шабуыл жасаған. Соңғы мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны үш адамға жетті, тағы алты адам әртүрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханада жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Focus Taiwan-ға сілтеме жасап.

 Focus Taiwan 20 Желтоқсан 2025 2025, 18:50
20 Желтоқсан 2025 2025, 18:50
692
Фото: Focus Taiwan

Тайвань астанасы Тайбэйде белгісіз адам метроның екі станциясында жолаушыларға пышақ және түтін шашқыштарды пайдаланып шабуыл жасаған. Соңғы мәліметке сәйкес, қаза тапқандар саны үш адамға жетті, тағы алты адам әртүрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханада жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Focus Taiwan-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін екі адамның қаза тапқаны және тоғыз адамның зардап шеккені туралы ақпарат тараған еді. Тайваньның премьер-министрі Чо Юнг-тай жараланғандардың төртеуі ауыр хәлде екенін растады.

Алдын ала деректерге сәйкес, шабуылдан кейін күдікті өмірімен қоштасқан. Оның денесі ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Наверх