Тайвань аумағында Қытай Халық азаттық армиясының 24 ұшағы мен 4 кемесі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте (сол жақтың уақытымен) сағат 6:00-де аралға Қытай ұшағы мен кемелернің жақындағаны тіркелген.
Хабарламада Тайвань жағдайды бақылап отырғаны сонымен бірге оның әуе күштері, теңіз флоты мен зениттік-зымыран кешендері жоғары дайындықта екені айтылған.
Бұған дейін Қытай билігі АҚШ әскери өкілдерінің Тайвань қорғаныс министрлігімен байланысын айыптаған болатын.