Тайваньда тайфун соғып, 2 адам опат болды. Тағы 500 кісі зардап шеккен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы жергілікті апаттың салдарын жою жөніндегі жедел штаб хабарлады. Мамандардың айтуынша, алапат дауылдан мекемелер мен білім беру ұйымдарында жұмыс уақытша тоқтатылды.
500-ден астам әуе рейсі кейінге шегеріліп, 140-қа жуық паром жолы шектелді. Шұғыл бригада болса күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Айта кетейін, қатты дауыл аймақта биыл осымен үшінші рет тіркелді.