Тайсон ең қауіпті боксшыны атады

7 Наурыз 2023, 10:13
1190
Бөлісу:
Тайсон ең қауіпті боксшыны атады
Фото: overbetting.ru

Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон қазіргі замандағы ең мықты боксшының бірін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Ол - америкалық боксшы Давид Бенавидес, суперорта салмақта WBC ұйымының уақытша чемпионы, 26 жеңістің жиырма үшін нокаутпен аяқтаған. 

"Ол туралы көп айтылады, бірақ әлі лайықты бағасын алмады. Адамдар ол туралы айтқанда сөздерін бір жерден шығара алмай жатады. Егер мен оның дивизионында өнер көрсетсем, оған қарсы жекпе-жекке шығуға қорқар едім. Оның салмағында оны жеңетіндер жоқ. Мен деректерге сүйеніп отырмын, - деді Тайсон.

Бенавидес Тайсонға өзінің өткенін есіне түсіретін сияқты. 

Оның еңбекқорлығы... Бала кезінде кішкентай домалақ еді ғой. Бірақ қолынан не келетінін бүкіл әлемге көрсеткісі келді. Маған сеніңіз, ұлы боксшылардың бәрі сондай болған - қорғансыз және өзіне сенімі жоқ, - деп айтты ол.

Тайсон Бенавидес пен Сауль Альварес жекпе-жекке шықса кім жеңетіні туралы да ойын айтты.

Давид рингте кімді болсын сабайды. Сондықтан нақты біреулерді атаудың да қажеті жоқ, - деп түйіндеді боксшы.

 

Өзгелердің жаңалығы