Тайландқа демалысқа барған қазақстандық суға кетіп, көз жұмды

Бүгiн, 17:30
425
Бөлісу:
Тайландқа демалысқа барған қазақстандық суға кетіп, көз жұмды
Фото: pixabay.com

31 шілдеде Тайландта қазақстандық 57 жастағы турист Евгений Сапогов суға кетті, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады.

Phuket News-тің мәліметінше, Сапоговтың қайтыс болғаны хабар күндіз Карон полиция бөлімшесіне келіп түскен.

Пхукетке келгеннен кейін ер адам 60 күнге виза алған, бірақ демалысының бірінші күнінде қайтыс болды. Оқиға туралы Корона полиция бөліміне 14:20-да облыстық жедел жәрдем орталығының қызметкерлері хабарлаған - деп жазады Novostiphuketa.asia.

Өзгелердің жаңалығы