Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюіне байланысты алаңдап отыр.
Біз барлық қатысушы тарапты сабырлық танытып, бейбіт тұрғындардың қазасын болдырмай, өңірде кең ауқымды соғысқа әкелуі мүмкін жағдайдың одан әрі нашарлауына жол бермес үшін күш қолданудан бас тартуға шақырамыз. Осы жағдайға байланысты келіспеушіліктерді реттеуді БҰҰ Жарғысы аясында тек саяси-дипломатиялық жолмен реттеп, жедел шаралар маңыздылығын атап өтеміз, - деді Смадияров брифингте.
Еске салайық, 1 қазанда Иран Израильге көптеген зымыран ұшырып, шабуыл жасаған болатын. Израильдің сыртқы істер министрлігі зымыран шабуылын бұрын-соңды мұндай болмаған деп бағалады.