Таяу Шығыс қауіпті: Қай бағытта демалуға болады? – СІМ кеңес берді 

СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты туристерге ескерту жасады. Қай бағыттар қауіпсіз саналады және қазақстандықтарға қандай кеңес берілді.

 ©BAQ.KZ коллажы Бүгiн 2026, 15:08
Бүгiн 2026, 15:08
228
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Сыртқы істер вице-министрі Арман Исетов Сенат кулуарында қазақстандықтардың қай елдерде қауіпсіз демала алатыны туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл сұраққа қазір нақты жауап беру өте қиын деп ойлаймын. Себебі әртүрлі елдерден азаматтар мен туристерге қатысты түрлі жағдайлар туралы ақпараттар келіп жатыр. Сондықтан бұл мәселеге қатысты нақты жауап бере алмаймын. Дегенмен қазіргі таңда, мысалы, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері біздің туристер үшін анағұрлым қолайлы болуы мүмкін, – дейді Сыртқы істер вице-министрі Арман Исетов.

Сондай-ақ ол Таяу Шығыс өңірінде қазіргі таңда қақтығыс жүріп жатқанын еске салды. Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігі аталған аймақтағы елдерге бармауға кеңес береді.

Еске салсақ, Сенаттағы брифингте журналистер ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтен Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты отандық кәсіпкерлер қандай шығынға ұшырап жатқанын сұрады. Ол қазіргі таңда көптеген бизнес-жобалар тоқтап тұрғанын мәлімдеді. Сөзінше, соғыс әсерінен Қазақстан Иранмен келісімдерді уақытша тоқтатты.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Ұлыбританиямен визалық режимді жеңілдетуге ұмтылып отырғанын айтты.

Наверх