Соғыс әсері: Қазақстан Иранмен келісімдерді уақытша тоқтатты 

Қазақстан Иранмен кей келісімдерді уақытша тоқтатты. Қай салалар зардап шекті және бизнес қандай күйде?

 Anadolu Agency Бүгiн 2026, 12:36
Бүгiн 2026, 12:36
90
Фото: Anadolu Agency

Сенаттағы брифингте журналистер ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетовтен Таяу Шығыстағы соғысқа байланысты отандық кәсіпкерлер қандай шығынға ұшырап жатқанын сұрады. Ол қазіргі таңда көптеген бизнес-жобалар тоқтап тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оның айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлер әзірге күту режимінде. Сонымен қатар вице-министр нақты қандай жобалар екенін атап өтпеді.

Бізде астық жеткізу болған. Азық-түлік өнімдерімен өзара алмасу жобалары да бар еді. Бәлкім, олардың барлығы қазір кідірісте тұрған шығар, – дейді Арман Исетов.

Соғыс салдарынан болған қаржылық және инвестициялық шығындар туралы сұраққа вице-министр ірі шығындардың жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, инвестиция көлемі айтарлықтай көлемді болмаған.

Дегенмен, Иранмен арадағы әріптестік қарым-қатынасты ескерсек, белгілі бір әсері бар. Бірақ ол аса ауқымды емес, – деп түйіндеді Арман Исетов.

 

Наверх