Тауратта екпеге тыйым салынған ба?

23 Тамыз 2021, 18:07
2998
Бөлісу:
Тауратта екпеге тыйым салынған ба?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы компонентін 400 мыңға жуық адам алды.

Вакцинация коронавирустық пандемиямен күресудің негізгі жолы және COVID-19-дан қорғанудың жалғыз тиімді әдісі болып отыр. Мұны бүкіл әлемдегі ғалымдардың көптеген зерттеулері дәлелдеді. Алайда, дін вакцинацияға қарсы деп мәлімдейтіндер бар. Дін өкілдері мұндай ақпараттарды шындыққа жанаспайтынын атайды.

Нұр-Сұлтан мен Ақмола облысының бас раввині Шмуэль Карнаухтың айтуынша, қаситетті Торе жазбаларында дәрігерлердің ұсынымдарын орындау керектігі айтылған.

Тауратта екпеге ешқандай тыйым жоқ. Керісінше, жазбаларда дәрігерлердің нұсқауларын орындау керек делінген. Өкінішке қарай, екпені зиян көретін адамдар бар, олар тіпті медицинаны түсінбеуі мүмкін. Егер адам оларды тыңдап, екпе салдырмаған болса және осыған байланысты аурудан қайтыс болса, онда жауапкершілік вакцинацияланбауға шақырған адамдарға жүктеледі, - деді Шмэул Карнаух.

Елордалық Діндерді зерттеу орталығының теологы Марат Смағұлов елімізде және әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты азаматтар ҚМДБ өкілдері мен дәрігерлер айтқан сақтық және алдын алу шараларын сақтауы тиіс екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта пандемия кезінде аурудан қорғану, яғни вакцинациялану өте маңызды. Мүфтият қызметкерлері де, дәрігерлер де екпе егу керек екенін айтады. Исламда көптеген хадистер бар, онда егер оба немесе ауру пайда болса, онда мұсылман одан қорғануы керектігі айтылған, яғни қазіргі жағдайда вакцинациялануы керек, - деді ол.

Қалыпты өмірге оралудың жалғыз тиімді жолы – халықты жаппай вакцинациялау арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Ол үшін азаматтардың 60 пайыз КВИ-ге қарсы екпе алуы керек.

Айта кетейік, елордада қауіпті вирустың таралу деңгейі тұрақталып келеді, өткен тәулікте аурудың 650 жаңа жағдайы анықталды. Вакцинациядан өтуге ниет білдірушілер санының өсуі байқалады.

Өзгелердің жаңалығы