Тәулік ішінде мас күйде көлік тізгіндеген 5 жүргізуші анықталды

28 Тамыз 2022, 18:30
1106
Бөлісу:
Тәулік ішінде мас күйде көлік тізгіндеген 5 жүргізуші анықталды

Атырау қаласының аумағында 1 тәулік ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында 5 мас жүргізуші анықталған, оның 2-уі әйел, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

1 жүргізуші куәлігінен айырылып, қайта автокөлік тігіздіген және көлігіне жалған мемлекеттік белгі орнатып басқарған 1 тұлға анықталды. 

Мәселен, 2022 жылғы 26 тамызда түнгі сағат 03:00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Жұлдыз ықшам ауданы 9 көше Toyota Prado маркалы автокөлікті тоқтатқан. Полицейлер бірден 1990 жылғы жүргізушіден алкогольді ішімдіктің иісін сезеді. Азаматша медициналық тексеріске жіберілгеннен кейін оның жеңіл деңгейде мас болғаны анықталған.Көлігі арнайы тұраққа қойылды, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар түнгі уақытта Әбілхайырхан көшесі, Әуежай тұсында тәртіп сақшылары Toyota Land Cruiser автокөлігін тоқтатып, 1998 жылғы жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны және де жалған мемлекеттік белгісін орнатып басқарғаны анықтады. 24-жастағы құқық бұзушыға әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Өзгелердің жаңалығы