#Тәуелсіздік30: Жезқазғанда 70 игі іс қолға алынбақ

9 Наурыз 2021, 09:30
1712
Бөлісу:
#Тәуелсіздік30: Жезқазғанда 70 игі іс қолға алынбақ

Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жезқазған қаласында «70 игі іс» жобасы бастау алмақ. Жоба Жезқазғанның 70 жылдығы мерекеленетін 2024 жылға дейін жалғасады. 

Мысты қала Жезқазғанға 2024 жылы 70 жыл толады. Атаулы күнге орай, сонымен қатар ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты қалада «70 игі іс» жобасы бастау алмақ. 

Биыл ел тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, осы жылы біз маңызды белестен өтпекпіз. Бұл қорытындылар жасап, өткен жылдарға көз жүгіртетін уақыт. Біз халқымыз үшін аса маңызды айтулы күнді нақты істермен және жаңа жобалармен атап өтеміз. Туған еліміздің тарихи белесін және Жезқазғанның 70 жылдығын 70 игі іс жобасын жүзеге асыру арқылы атап өтуді көздеп отырмыз, - дейді Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров. 
Қала басшысының айтуынша, жобаға кіретін 70 игі істердің қатарында қалада тұрғындарға жайлы жағдай жасау, шаһардың сәулеттілік келбетін жақсарту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, инвестициялық және басқа да жобаларды іске асыру тұрғысынан тартымды, жайлы қала ретінде танымал ету, адами капиталды тиімді пайдалану бағыттары бар. 
70 тармақтан тұратын жоба бірнеше бөліктерге біріктірілген. Жоба 2021 жылы бастау алып, Жезқазған қаласының 70 жылдығы мерекеленетін 2024 аяқталатын болады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты ең алдымен баспана мәселесіне тікелей байланысты екендігін айтып өтті. Біздің жобамыздың бірінші бөлімі осы баспана мәселесіне бағытталған. Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бөлімі үстіміздегі жылдың наурыз айында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 70 отбасыға пәтер кілтін табыстаумен басталады, - дейді әкім. 

Жоба аясында 2024 жылға дейін 50,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдаланылуға беріліп, 744 отбасы баспаналы болмақ. 

Соңғы үш жылда қалада барлық қаражат көздері есебінен 9 көпқабатты үй салынған. Ал биыл бір жылдың ішінде 5 көпқабатты тұрғын үй салынбақ. Әрі қарай да бұл қарқынды төмендетпейміз, жылына тұрғын үй көлемі 5 мың шаршы метрге ұлғайып отыратын болады. Тұрғын үй салуға қаражат тек мемлекеттік бюджет есебінен бөлінбейді, жеке құрылыс компаниялары мен қала құрушы «Қазақмыс» корпорациясы да құрылысқа қатысатын болады, - дейді Қайрат Әбсаттаров. 
Жезқазғандықтар 17 көпқабатты үйдің құрылысын Кеңгір суқоймасының сол жағалаындағы жаңа қаланың құрылысымен байланыстырады. Аталған «70 игі іс» жобасы аясында 2024 жылға дейін 112 апатты үйдің тұрғындарын көшіру жоспарлануда. Заңға сәйкес тұрғындарға өтемақы төленеді, бұл үшін бюджеттен 6,4 млрд теңге көлеміндегі қаражат қарастырылған. 2020 жылы 9 үйдің тұрғындарын көшіру процесі басталып, ондағы 57 отбасы 253 млн теңге көлемінде өтемақы алды. Үстіміздегі жылы 1,5 млрд теңге көлеміндегі қаржы 24 апатты үйдің тұрғындарына төленетін болады. Ал апатты тұрғын үйлердің орнында жаңа үйлер салу бойынша меморандумға қол қойылып, аталған құжат аясында қоныс аударушылар өтемақыны жаңа үй алу үшін қолдану мүмкіндігі берілмек. 

Инфрақұрлымды және коммуналдық қызметтерді жақсарту деп аталған бөлімде қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың жай-күйін айтарлықтай жақсартатын жобаларды енгіздік. Бірінші кезекте су ысырабын азайтуға ден қоямыз. «70 игі істер» шеңберінде қаланың экологиялық сауықтыру мақсатын да алға қойып отырмыз. Ол үшін қаланы көгалдандыру жұмыстары жалғасын тауып, 12 мыңға жуық ағаш отырғызылады, - дейді қала басшысы.

Өзгелердің жаңалығы