#Тәуелсіздік30. Ақтөбеде «Қайырымды істер» марафоны басталды

19 Ақпан 2021, 19:40
1537
Бөлісу:
#Тәуелсіздік30. Ақтөбеде «Қайырымды істер» марафоны басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе қаласындағы шаңғыроллер жолында «Қайырымды істер» марафоны ресми түрде бастау алды. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, атақты спортшылар, жастар - тәуелсіздік құрдастары қатысты.

Өткен жылы «Еріктілер жылының» жабылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев көпшілікке айтқан Ұлы Абайдың үш ұлық сөзімен «Қайырымды істер» марафонын өткізуді ұсынған болатын. Ол: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Бұл жай сөздер емес, елді игі істермен береке-бірлікке шақырған зор үндеу деп қабылдауымыз қажет. Сондықтан бүгін Президентіміз көтерген осынау игілікті бастама - «Қайырымды істер» марафонымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейлі кезеңінің шымылдығын ашып отырмыз.Бұған азаматтық сектор мен бизнес-қауымдастық өкілдерінің, мемлекеттік органдар мен барша белсенді азаматтардың қатысуы өте маңызды. Әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуде мемлекет – қоғам – бизнес өкілдері арасындағы әріптестікке артылар сенім зор. Мерейлі той жылы біз түрлі саладағы ондаған ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, - деген Оңдасын Оразалин көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созған меценаттарға алғысын білдірді.

Қайырымдылық марафоны кезінде мүмкіндігі шектеулі 15 адамға «Шипагер» сауықтыру орталығында емделуге жолдама берілді.

Еріктілер ұйымдарының басшылары Тәуелсіздік құрдастарының атынан жұртшылықтан «Қайырымдылық істері марафонын» қолдауды сұрап, қиын жағдайға тап болған К.Мейрамғалидің отбасына 400 мың теңге көлеміндегі сертификатты табыс етті.

Аталған қаражат осы отбасының басапаналы болуы үшін бастапқы жарна ретінде төленетін болады.

Шара мәслихат депутаттарының, қоғамдық ұйым басшыларының, еріктілердің, спортшылар мен т.б. шаңғы жарысымен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы