#Тәуелсіздік30: 30 жыл тарих үшін қысқа болғанымен, халқымыз үшін ғасырға бергісіз жыл болды - депутат

30 Наурыз 2021, 10:33
1382
Бөлісу:
#Тәуелсіздік30: 30 жыл тарих үшін қысқа болғанымен, халқымыз үшін ғасырға бергісіз жыл болды - депутат

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» тақырыбына арналған Парламенттік тыңдау кезінде ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Бақытжан Жұмағұлов баяндама жасады.

Тәуелсіздікпен құрдас буынның өзі орда бұзатын жасқа келіп, ел өміріне белсенді араласуда. Ал Тәуелсіздік бізге оңай келмегенін кейбір жас ұрпақ өкілдері тереңірек білгені жөн. Тәуелсіздік туын ұстаған, егемендігімізді жариялаған Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев көтерген Тәуелсіздіктің идеясы ұлттық құндылықтарымыздың басында тұруы заңды, - деді ол. 

Депутат атап өткендей, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы қоғамда үлкен серпіліс алды.

Мемлекет басшысының осы мақаласын оқып, көкейде жүрген көп сұраққа жауап алдық. Ой елегінен жетістіктеріміз бен қиындықтарымызды өткізіп, сондай-ақ болашағымызды болжап, атқарылатын шараларды айқындауға мүмкіндік алдық. 30 жыл тарих үшін қысқа болғанымен, халқымыз үшін ғасырға бергісі жоқ жол болды, - деп айтты Бақытжан Жұмағұлов. 

Сенат депутаты баяндағандай, тәуелсіздік жылдары руханият саласында біраз жұмыс атқарылды. «Мәдени мұра», «Болашаққа бағдар», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» жобалары ойдағыдай жүзеге асырылып, әлі де орындалып келеді.

Өзгелердің жаңалығы