«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары кімдер?

8 Желтоқсан 2021, 12:38
3138
Бөлісу:
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары кімдер?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлерін марапаттады. Грант құны – 3 млн теңге.

«Ғылым» бағыты бойынша

Смаилов Кенжеғали Маманұлы - «Satbayev University» коммерциялық емес акционнерлік қоғамы жанындағы «Металлургия және кен байыту институты» акционерлік қоғамының кіші ғылыми қызметкері

Машуров Фарух Аркинович - Сулейман Демирел университетінің аға оқытушысы

Оразбек Арсен Аленұлы - «Nazarbayev University» дербес білім беру ұйымының 3-курс студенті

Ивлев Антон Александрович - «1С-РЕЙТИНГ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің программисті

Дәулешияр Бақытәлі - Алматы облысы Жамбыл ауданының Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі

Пірманова Күнсұлу Қамбарбекқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

«Мәдениет» бағыты бойынша

Токсанбаев Саят Тұрсынұлы - Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын» қызметкері

Әкім Думан Нұрлыбекұлы - «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі колледжінің оқытушы

Каливошкина Дарья Владимировна - Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері

Жұбаныш Руслан Жанбырбайұлы - «Қазинформ» халықаралық ақпараттық агенттігі» ХАА маманы

Нұрланқызы Азиза - Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы

«Ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша

Жакажанова Гаухар Серахметқызы - «Nazarbayev University» дербес білім беру ұйымының магистрі

Мұса Ақбота Жанатқызы - «BilimBer» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы

Шихов Рузи Турсунмуратович - «Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорның эпидемиолог-дәрігері

Ермек Марғұлан Мұратұлы - «Essentail Technologies LLC» азық-түлік менеджері

Жанұзақ Нұрболат Бауыржанұлы - М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінің 4-курс студенті

«Бизнес» бағыты бойынша

Бейсенов Эздар Серікұлы - «Қостанай политехникалық колледжi» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2-курс студенті

Ибраев Алишер Серікболұлы - «Диқан» сауда үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері

Наумова Динара Рустамқызы - Мотивациялық спикер, әлеуметтік жобаның жетекшісі

Дүйсени Жасұлан Мұратұлы - «DUISENI» жеке кәсіпкері

Рзаев Азиз Хожагаевич - «Хожагаевич» жеке кәсіпкері

Кажимова Айдана Жасқайратқызы - Батыс Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің оқытушысы

Тынышбек Алиасқар Сайранұлы - «Turan University» 2-курс студенті, «Endorphin» агенттігінде сандық маркетологі

Ким Вячеслав Владимирович - «Kim Labs» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры

Қалдыбай Рухия Бердібекқызы - «Мәңгілік ел Маңғыстау» қоғамдық қорының директоры

«Медиа» бағыты бойынша

Намурадин Айсана Қанатқызы - Қызылорда облысы Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің мұғалімі

Савицкий Юлиан Демьянович - «Akmola media» продюсерлік орталығының директоры

Алиева Жансая Айсауытқызы - «Симметрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің редакторы

Өмірбеков Нұрсәт Өміржанұлы - Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы

Айдарханов Әлиғазы Мирхатұлы - «Hi School» - онлайн білім беру орталығының жетекшісі

Өзгелердің жаңалығы